Атырау, 11 қазан 03:33
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Құрбан айтта сауда орындары жұмыс жасайды

2 067 просмотра

20 шілдеде Құрбан-айт мерекесінде сауда орталықтары мен базарлар жұмыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы «AЖ»-ға облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады.

Жақында шыққан қаулыда облыстың бас санитар дәрігері демалыс күндері базарларға, сауда орталықтары мен тамақтану орындарының қызметіне тыйым салған еді, бірақ мереке күндері туралы ештеңе айтылған жоқ. Облыстық СЭС-тің хабарлауынша, 20 шілдеде осы нысанның барлығы жұмыс істейді: азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауар сататын базарлар сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сауда үйлері мен сауда орталықтары (павильон, бутиктер), сауда желілері, кафе мен мейрамхана қызметіне сағат 10-нан 17-ге дейін рұқсат етілген.  

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 шілде 2021, 19:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.