Атырау, 28 сәуір 04:46
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құрманғазы ауданына пойыз тамызда жүреді деп уәде етілді

1 966 просмотра

Облыстық әкімдік хабарлағандай, 13 шілдеде облысішілік Атырау - Д.Нұрпейісова станциясы бағыты бойынша теміржол тасымалдаушысын анықтау мақсатында ашық конкурс туралы хабарландыру жарияланды.

«Қатысуға ниет білдірген 5 мекемеден құжаттар қабылданды. Конкурс комиссиясының отырысы өтті, жеңімпаз 15 күн ішінде анықталады, содан кейін онымен және Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы арасында келісім жасалады», - делінген хабарламада. Жолаушылар пойызын іске қосу тамыз айына жоспарланған.

Құрманғазыға алдағы уақытта жолаушылар пойызының шығатыны сәуір айының басында жарияланған еді, бірақ тендер енді жарияланып жатыр.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

19 шілде 2021, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.