Атырау, 28 сәуір 03:12
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Құрбан айт қарсаңындағы мал базарлары

Сурет
2 032 просмотра

Құрбан айт қарсаңында «АЖ» тілшісі мал базарларындағы жағдаймен танысып қайтқан еді. Бағалар шарықтап кеткен.

«Тума» мал базарында мал сатушылар да, сатып алушылар көп. Мұнда қой малының бағасы 40 мың теңгеден басталады. Бірақ бұл бағаға төрт айлық қозыларды алуға болады, ал тоқтылар 60-70 мың тұрады.

- Шектік беруге іздеп едік, садақаға болған соң санаспаймыз ғой, бірақ қалтаға ауыр тиіп тұр, - сатып алушының бірі.

Мал базарындағы қойлардың көбі Батыс-Қазақстан облысынан келген. Баға былтырғыдан неге қымбат дегендерге: «Біз өзіміз Оралдан сатып алып тасимыз. Келген соң әрқайсына 5000 теңгеден қосамыз».

Азғыр өңірінен келген қойлардың бағасы да арзан емес. Мысалы, Қоңыртерек ауылынан келген ұрғашы қойға 90 мың теңге сұраса, Сүйіндік ауылынан келген қошқар 130 мың теңге дейді.

Мал сою ғимаратына барсаң алдыңда ұзын сонар кезек. Қой сойып беру бағасы 3000 теңге.

Астрахан тас жолы бойындағы мал базарында да жағдай дәл осындай. Бұл жақта Қызылқоғадан келген қойлар 65 мың теңгеден басталады. 3 жасар сиыр 370 мың теңге, ал 2 жастағы қашарға 270 мың теңге сұрап тұр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор  

19 шілде 2021, 18:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.