Атырау, 20 сәуір 13:19
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Нарын каналында уақ балық қырылып қалды

Сурет Бейнежазба
2 252 просмотра

Исатай ауданына қарасты Нарын каналының бойындағы «Ақбас» (Қызтуған) учаскесінің тұсынан уақ балықтардың өлгені анықталды. «ҚазСушар» РМК-ның Атырау филиалының бригадасы екі центнерге дейін жинап, арнайы орындарға көмді. Олар каналды тазартумен де айналысты.

Мөңке, қаракөз, басқа да уақ балықтың қырылу себебі – соңғы кездері «Ақбас» учаскесінде су деңгейі төмендеп кеткендіктен қажетті оттегі жетіспеуінен болған дейді жергілікті әкімдік.

- Махамбет ауданы Ақтоғай ауылынан бастау алатын Нарын каналы 1960 жылдары пайдаланылуға берілген. Жалпы ұзындығы 200 шақырым, оның 130-ы Исатай ауданына қарасты. Бұл канал бойында көптеген шаруа қожалықтары орналасқан, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан ӘБІЛХАСИМОВ. – Осы жылдар бойы канал бірде-бір рет күрделі жөндеу көрмеген. Су өткізу мүмкіндігі төмендеп кеткен. Сол себептен балық қырылып жатыр.

Облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ Исатай ауданында жуырда болған жұмыс сапарында Нарын каналының жағдайымен танысып, оны күрделі жөндеуден тезірек өткізуге ықпал ететінін мәлімдеген болатын. Бәлкім, енді қозғалатын шығар?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желідегі суреттер мен бейнежазба

19 шілде 2021, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.