Атырау, 22 желтоқсан 21:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Covid-19 Атырау облысында: Теңізде және Жылыой ауданында ауру жұқтыру күрт көбейді

2 108 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте 293 адам Сovid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

1068 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  215 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  31 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 32, Индерде - 1,  Исатайда - 5, Мақатта - 1, Құрманғазыда - 6, Қызылқоғада - 2 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  177 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан  135 адам емделіп шықты. 

Қазір  1995 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194, №2 облыстық ауруханада -197, фтизиопульманологиялық орталықта - 97, кардио орталықта - 110,т/ж ауруханасында - 104,  аудандық инфекциялық стационарларда – 255 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 113 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

19 шілде 2021, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.