Атырау, 28 сәуір 08:22
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Макспен бірге жеті адам алаңға шықты

Сурет Бейнежазба
2 430 просмотра

Бүгін, 17 шілдеде сағат 12-де атыраулық азаматтық белсенді Мақс БОҚАЕВ тағы да Исатай мен Махамбет атындағы орталық алаңға шықты. Алдыңғы күні әлеуметтік желіде қала тұрғындарына арналған бейне-үндеу жариялап, онда ол митинг тақырыбын жариялап, өзіне қолдау көрсетуді сұрады. Нәтижесінде бүгін алаңға жеті адам жиналды.

М.Боқаев «АЖ» тілшісіне әңгімелегендей, ол бұрын өзінің белсенді әріптестерімен бірге екі рет рұқсат етілген жерде - Жеңіс саябағында бейбіт митинг өткізуге өтініш білдірген. Алайда қалалық әкімдік беймәлім себептермен рұқсат бермей, содан кейін ол еш рұқсатсыз үйреншікті орталық алаңға келген.

Митингтің мақсаты - Алматыда «Шаңырақ ісі» бойынша «тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін» сотталған ақын және диссидент Арон Атабекке (18 жылға бас бостандығынан айырылған) және Құрманғазы Өтегеновке (16 жыл) қолдау көрсету, сондай-ақ халықты мәжбүрлі вакциналауға және бағаның өсуіне қарсы наразылық білдіру.

Естеріңізге салсақ, 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматының шетіндегі Шаңырақ ықшамауданында заңсыз салынған ғимараттарды бұзбақ болған биліктің бұйрығымен келген полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар арасында қанды қақтығыс болды. Нәтижесінде полиция қызметкері қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

- Ақтөбеде жазамды өтеп жүрген кезде президент көмекшісі Мақсат Скаков келіп, енді саясатқа араласпауға сөз берсем, мені босататынын айтып, уәде берді. Бірақ мен әуел бастан келіскен болсам, отырмас едім! Сол кезде мен Скаковтан Арон Атабек туралы сұрадым. Ол жақында босатылатынын айтты. Содан бері екі жыл өтті, Арон әлі түрмеде отыр. Оның отырғанына 15 жыл болды. Мен өзім 5 жыл отырдым, оның қаншалықты ауыр екенін білемін. Оның үстіне, ол «крыткада», яғни, колонияда емес, түрмеде отыр.

Тура сағат 13.00-де М.Боқаев жиналғандарға бүгінге осы жететінін айтып, содан соң бәрі тарап кетті.

Айнұр САПАРОВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

17 шілде 2021, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.