Атырау, 11 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Тәуліктік антирекорд: Атырау облысында тәулігіне 342 адам Covid-19 жұқтырған

1 680 просмотра

Өңір елімізде коронавирустық инфекциямен ауырғандар саны бойынша бесінші орында тұр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында  Covid-19 жұқтырудың 254 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 19 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 18, Индер ауданында - 17, Исатай ауданында - 8, Қызылқоға ауданында - 9, Құрманғазы ауданында - 4, Мақат ауданында - 6, Махамбет ауданында - 7 адам анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 225 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.  

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 114 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 1723 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 200, екінші облыстық ауруханада-190,  фтизиопульманологиялық орталықта-88,  кардио орталықта-107,  т/ж ауруханасында-48 ,
аудандық инфекциялық стационарларда-226. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-88 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан және  жұқтырған науқастар саны бойынша бесінші орында.

17 шілде 2021, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.