Атырау, 28 сәуір 03:39
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жансель Токиода, Нұрлан мен Ержан бір айдан кейін барады

Сурет
1 415 просмотра

Биыл Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ҚР ұлттық құрамасының құрамында Атырау облысы атынан таэквондошы – Жансель ДЕНИЗ, ал параолимпиада ойындарына таэквондошы Нұрлан ДОМБАЕВ пен жүзуші Ержан СӘЛІМГЕРЕЕВ қатысады.

Жансель Дениз

Жансель Дениз Алматы қаласында соңғы жаттығу жиынын аяқтап, 16 шілдеде Токиоға аттанып кетті.

Таэквондистер олимпиада командасының жаттықтырушысы Батырбек ЕСДӘУЛЕТОВ жақында Olympic.kz сайтына берген сұхбатында спортшылардың Олимпиадаға дайындығы туралы баяндаған еді.

– Олимпиада ойындарының көптеген қатысушылары басқа елдерден кім келетінін білетіндіктен, олар қарсыластарының күшті және әлсіз жақтарын бақылап, зерттейді. Сондықтан, оларды бір нәрсемен таң қалдыру керек. Біздің спортшыларға, былайша айтқанда, қарсыластарына «тосынсый» дайындауға кеңес бердік.

Нұрлан Домбаев:

Нұрлан Домбаев

ҚазірАтырауда жаттығып жатырмын, ал тамыз айының басында барлық паралимпиадашылар Алматы облысына жиналып, командамен бірге тағы 15 күн дайындықты пысықтау жаттығуларын өткіземіз. Жарысқа тамыздың 20-на аттанамыз деп отырмыз.

Ержан Сәлімгереев:

Ержан Сәлімгереев

- Қазір мен Қырғыз елінің Ыстықкөл өңірінде дайындалып жатырмын. Бұл жақта барлық жағдай жасалған. Пандемия көптеген шараларды кейінге қалдырып, кесірін тигізіп жатқаны рас. Дегенмен, бұл мәселе тек менде емес. Бүгін 20 тамызда Токиоға ұшатынымыз туралы хабар алдым. Ол жаққа келетін бақталастарым да таныс спортшылар. Жеңіске деген үмітімді жоғалтпаймын.

Естеріңізге салсақ, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 23 шілдеден8 тамызға дейін, ал параолимпиада ойындары 24 тамыздан 5 қыркүйекке дейін өтеді. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

19 шілде 2021, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.