
Нұрлан Жантоқов Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол жақында зейнеткерлікке шыққан Қадыржан Арыстанның орнына келді.
Нұрлан Жантоқов Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол жақында зейнеткерлікке шыққан Қадыржан Арыстанның орнына келді.
58 жастағы Қызылқоға ауданы тумасының түрлі жергілікті кәсіпорындар мен компанияларда басшылық қызметте болған. Ол «Эмбанефтегеофизика» өндірістік филиалында жұмыс істеді, кәсіпкерлік қызметпен айналысты. 1994 жылы мемлекеттік қызметке ауысып, халықты жұмыспен қамту саласында түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 1999-2003 жылдары Мақат ауданы әкімінің орынбасары, 2003-2007 жылдары осы ауданның әкімі қызметін атқарды. Атырау облысының ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды. 2021 жылдың сәуірінен бастап қазіргі тағайындалуына дейін Махамбет ауданының орман және жануарлар дүниесін қорғау КМК-де эколог болып жұмыс істеді.
Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА
В Атырау -2