Атырау, 6 желтоқсан 09:29
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Байден мен Меркель "Вашингтон декларациясына" қол қойды

2 035 рет қаралды

Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ президенті Джо Байден "Вашингтон декларациясына" қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Екі көшбасшының кездесуі барысында ел ынтымақтастығының жаңа форматтарын анықтайтын құжаттарға қол қойылды.

"Қарым-қатынасымыздың негізі демократиялық принциптерге, құндылықтар мен институттарға деген ортақ ұстаным. Біз бірге заңның үстемдігін қолдаймыз, ашықтық пен тиімді басқаруға ықпал етеміз, сондай-ақ азаматтық қоғам мен тәуелсіз БАҚ-ты қолдаймыз", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, Байден АҚШ пен Германия "демократия құндылықтары мен жалпыға ортақ құқықты" қолдайтынын мәлімдеді.

"АҚШ пен Германия болашаққа қатысты ұсыныстар айтатын америкалық-германиялық форум құруға ниетті. Негізгі экономикалық мәселелер бойынша ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшін біз экономикалық диалог бастаймыз", - делінген декларацияда.

Байден бұған дейін АҚШ-тағы және бүкіл әлемдегі демократияға қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.

16 шілде 2021, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.