Атырау, 11 қазан 05:31
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Жексенбіде Атырауда қоғамдық көлік жүре ме?

1 931 просмотра

Атырау облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, жексенбіде Атырауда қоғамдық көліктер жүрмейді.

"Қоғамдық көліктің жұмыс режимі жұмыс күндері және сенбі күні сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгіленсін, жексенбі күні жұмыс істеуге тыйым салынсын. 

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізу қамтамасыз етілсін. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі", - делінген қаулыда.

Естеріңізге салсақ, «Ashyq» жобасына қатысатынына қарамастан қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес автобустар мен микроавтобустар тасымалы тоқтатылды.

16 шілде 2021, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.