Атырау, 11 қазан 05:23
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда Құрбан айтта тұрғындарға мал сататын орындар белгіленді

2 018 просмотра
Сурет: Нұрбейбіт Нұғыманов/azh.kz  

Атырау облысының бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысына сәйкес, тұрғындарға мал сойып,  сататын орындар белгіленді.

COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі  профилактикалық шаралар мен санитариялық нормалар талаптарына сәйкес халыққа малды өткізу орындары қаланың мынадай белгіленген мекенжайлары бойынша ұйымдастырылсын: Атырау-Доссор-Индер тас жолының бойында, Атырау-Дамбы-Алғабас тас жолының бойында (осындай орналасу орындарын аудандарда белгілесін).

Ветеринариялық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған мал сою пункттері мен алаңдарда (қаланың мал сою пункттері: Атырау-Астрахань тас жолының бойындағы «Асыл Агро» ШҚ, Береке ықшам ауданы «Қуаныш» ЖК, Атырау-Махамбет тас жолының бойындағы «Адал», «Жерұйық» ықшам ауданындағы «Тума», Тайманов көшесінің бойындағы «Елнас» ауыл шаруашылық базары, ветеринариялық қызметпен бекітілген тізбеге сәйкес аудандардағы мал сою алаңдары) мал союды және сатуды ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Естеріңізге салсақ, Атырау облысының бас санитар дәрігері барлық жерде көп адамдар адамдар жиналатын жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салатын жаңа қаулысы шықты.

16 шілде 2021, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.