Атырау, 11 қазан 05:31
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ауыл әкімдеріне кандидаттардың сайлауалды науқаны басталды

1 689 просмотра

25 шілдеде елімізде ауылдық округ әкімдерін сайлау өтеді. Кандидаттарды тіркеу 14 шілдеде аяқталды. Атырау облысында 73 адам өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат АЙМАНАКУМОВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, олардың 34-і өзін-өзі ұсынғандар және 39-ы саяси партиялардан ұсынылған  ((«NurOtan» 15, ҚХП 7, «АDAL»  СП 6, «Ауыл» ХДПП 5, «Ақ Жол» ҚДП 3, ЖСДП - 3). Сайлауалды науқан 14 шілдеде басталды және 24 шілдеге дейін жалғасады.

18 ауылдық округ әкімдерін сайлау Атырау қаласы мен 6 ауданда өтеді.

ҚР Президентінің әкімшілігі үміткерлер саны жөнінен Түркістанмен және Қарағандымен қатар біздің облыстың да көш бастап тұрғанын атап өтті. Айманакумов бұл жергілікті тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуға деген ұмтылысын білдіреді деп санайды.

Бұған дейін ОСК қазіргі сайлауға республикалық бюджеттен 4,7 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр АМАНЖОЛОВАНЫҢ айтуынша, Атырау облысына 120 миллион 248 мың теңге бөлінген.

Ашықтық туралы:

- Сайлау процесін бақылаушылар бақылай алады, - деді Айманакумов. - Олардың қолдарында жеке басын куәландыратын құжаттар және Әділет министрлігінде тіркелген кез-келген партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе үкіметтік емес ұйымның жолдамасы болуы керек.

 Айнұр САПАРОВА

16 шілде 2021, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.