Атырау, 11 қазан 05:30
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

«Бұл отбасын тексеру керек»: сотталған тәрбиешінің адвокаты этиканы бұзды ма?

1 820 просмотра

2 Атырау қалалық сотында ерекше іс қаралуда. Баласы мен ата-анасын жәбірледі деген айыпталушыны адвокаты мен бүкіл ұжымы қорғап отыр. Талапкерлердің мүддесін қорғауға жергілікті адвокаттардың ешқайсысы кіріспеді, баланың ата-анасы ынтымақтастықта болғандықтан істі алмай отырғанына сенімді.

Тілінің ауыр кемістігі бар балаларға арналған №20 балабақшаның тәрбиешісі бірнеше рет ұрып-соққан баланың анасы Қылмыстық кодекстің 131-бабы («Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн кемсiту») бойынша талап арыз берген. Еске салсақ, тәрбиеші Мәрия ІЗМАҒАМБЕТОВА бұрын баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылып, сол үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Баланың ата-анасы сот отырысында еңіреген тәрбиешіні кешіргенімен, жоғарғы сот инстанциясы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал сотталушының адвокаты Сабирова жасаған шағымның мәтіні олардың сезімін қатты жаралады. Атап айтқанда, онда: «Жалпы, сізден бұл балабақша психикалық ауруы бар балаларға емес, тілі кеш шығатындарға, яғни, соматикалық ауруларға арналғанына назар аударуыңызды сұраймын. E-в медициналық бейімділікке ие мекемеде болуы керек еді және ол тәрбиеге емес, түзетуге мұқтаж, соның ішінде медициналық әдістермен...

Сонымен қатар, жәбірленуші баланың ата-анасын да психологиялық тексеруге жіберу керек еді, өйткені ол басқа баланы ұрған, сол себепті мұғалім оны жазалап, артқа тартып, сол баладан әрігірек алып кеткен, яғни, Е-втің өзі төбелесті бастаған. Психология тұрғысынан төбелесетін балалар бір жерде зорлық-зомбылық көреді немесе зорлық-зомбылықты байқайды, бұл көп жағдайда отбасында болады. Психологтардың пікірінше, балалар өздігінен агрессивті болмайды, олар ересектердің, оның ішінде, ең алдымен ата-анасының мінез-құлқын қайталайды, олар отбасындағы жағдайды сіңіреді. Сондықтан жәбірленуші тәрбиеленген осы отбасын тексеру қажет: мүмкін олар осы істі қозғау арқылы баласының проблемасын, өз отбасындағы проблемаларды жасырғысы келетін шығар?..

Айта кету керек, баланың психикалық және/немесе психологиялық денсаулығына келтірілген зиянды анықтайтын сот-психологиялық және психиатриялық сараптама ешқандай нәтиже берген жоқ, өйткені бала психикалық/психологиялық тұрғыдан толық сау емес және өзіне қандай да бір психикалық/психологиялық әсер салдарын түсінбейді. Сот үкімінде бала денсаулығына қаншалықты ауыр психологиялық зиян келтірілгені көрсетілмеген ».

13 шілдеде кезекті сот отырысы өтті, оған айыпталушы тараптан 8 адвокат қатысты. Судья Гаухар ИБРАШЕВА медиация қызметінің көмегімен тараптар татуласуға дайын ба деп сұрады. Тараптар бас тартты.

- Адвокат психолог немесе психиатр емес, білім беру қызметінде жұмыс істемейді, сондықтан баламыздың психикалық-психологиялық жағдайын бағалай алмайды, баланың психикалық ауруы бар екенін растай алмайды. Бізге осы балабақшаға құзыретті тиісті органдардың мамандары жолдама берді. Демек, баламыздың осы балабақшаға баруға құқығы бар. Отбасымызға тағылған айып бізді қатты ренжітті. Күйеуім жұмысында құрмет пен беделге ие, өзім педагогпын, ғылыми дәрежем бар, үлкен қызы НЗМ бітірді, еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарының бірінде оқиды, екінші баламы лицейде білім алуда. Отбасымызда зорлық-зомбылық көрсетіледі деп айыптауға болады деп есептемеймін. Біз ерекше бала тәрбиелеп отырмыз, оның мүддесін қорғаймыз, оны да, отбасымызды да ренжітуіне жол бермейміз, - деді баланың анасы ренішпен.

Апелляциялық шағымның мәтіні бар, бірақ айыпталушы тарап алдыңғы сот отырысында адвокат Сабированың сөйлеген сөздерінің стенограммасын және/немесе аудиожазбасын ұсыну туралы өтініш білдірді, сол сот барысында, ата-анасының пікірінше, оларды және баласын қорлаған. Айыптау тарапы кейбір жазбаларды ұсынды, енді олармен оппоненттер танысуы керек.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

16 шілде 2021, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.