Атырау, 11 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​Атырауда тәулік ішінде 329 адам COVID-19 жұқтырды

2 536 просмотра

Атырауда тәулік ішінде 329 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  229 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  8 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 37, Индерде - 16,  Исатайда - 7, Мақатта - 5, Махамбет ауданында - 7, Құрманғазыда - 15, Қызылқоғада - 5 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  230 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  118 адам емделіп шықты. 
Қазір  1557 адам үй жағдайында, ал 890 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда, оның ішінде модульді ауруханада 190, №2 облыстық ауруханада -197, фтизиопульманологиялық орталықта - 94, кардио орталықта - 100, аудандық инфекциялық стационарларда – 217 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 92 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

16 шілде 2021, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.