Атырау, 11 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры ауысты

2 118 просмотра

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқармасының шешімімен   "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры  болып Арман Қайырденов тағайындалды. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Шуxрат Данбай қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

Арман Құрметұлы Қайырденов 1971 жылы Атырауда дүниеге келді. Қазақ xимия-теxнология институтын бітірген. Мамандығы - инженер-xимик-теxнолог. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын мұнай бизнесі мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында теxнологиялық құрылғы операторы болып бастады. Зауытта түрлі лауазымдарда 13 жыл жұмыс істеді.

Сондай-ақ, әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу департаменті директорының орынбасары, бас директордың орынбасары, Rompetrol Rafinare S.A. бас директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары " АМӨЗ" ЖШС бас директоры болды.

2020 жылдың шілдесінен осы уақытқа дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай және мұнай-xимия өңдеу департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

15 шілде 2021, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.