Атырау, 11 қазан 05:28
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда Өзбекстан азаматы вакцина алған соң жалған қойылым қойған

Бейнежазба
2 064 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін 22 жастағы жігіттің денсаулығының нашарлауы жалған болып шықты,  деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 маусымда әлеуметтік желіде ыңырсыған жас жігіттің айналасында адамдардың әбігерленіп, қолдарын ысқылап жатқаны туралы видео тарады. Кадр сыртында жігіттің Атыраудағы «Дина» базарында өзін нашар сезінгені, оның алдында сол жерде ковидке қарсы вакцина алғаны түсіндіріледі.

«Дина» базарындағы егу пунктінің медицина қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 14 шілдеде сағат 15:00-де Өзбекстанның 22 жастағы азаматы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алған.

«Оған дейін, кезекте тұрып ол медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытып, вакцинаның жанама әсері туралы арандату мақсатында бейнежазба түсіремін деп қорқытты. Демалыс бөлмесінде 30 минуттай бақылауда болып,  үйіне жіберілді», - деді басқарманың баспасөз қызметі.

Ал сағат 18.30-да «Динадан» жедел жәрдем қызметіне қоңырау келіп түсті. Диспетчерге вакциналаудан кейін адамның жағдайы нашарла, құрысу белгілері байқалып жатқанын хабарлаған.

- Жедел жәрдемнің үш сағат бұрын вакцина алған Өзбекстан азаматына шақырылғаны белгілі болды. Жігіт облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіліп, жағдайы тұрақты және ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер болмаған 30 минуттан кейін үйіне жіберілді, - деп нақтылады дәрігерлер. 

Жоғарыда айтылған жайтқа байланысты денсаулық сақтау басқармасы атыраулықтардан арандатушылыққа ден қоймай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 шілде 2021, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.