Атырау, 11 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда бір тәулікте 299 адам COVID-19 жұқтырды

1 613 просмотра

Атырауда бір тәулікте 299 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  211 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  24 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 18, Индерде - 2,  Исатайда - 8, Махамбет ауданында - 11, Мақатта - 7, Құрманғазыда - 6, Қызылқоғада - 12адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  177 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  161 адам емделіп шықты. Қазір  1398 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188, 
№2 облыстық ауруханада -160, фтизиопульманологиялық орталықта - 95, кардио орталықта - 113, аудандық инфекциялық стационарларда – 199 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 87 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

15 шілде 2021, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.