Атырау, 4 мамыр 19:30
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атыраудағы ТКШ бөлімі бюджет ақшасына не сатып алады?

1 991 просмотра

«AЖ» қалалық ТКШ бөлімі 2021 жылға қандай қызметтер мен тауарларды сатып алғанына қатысты мемлекеттік сатып алу сайтына мониторинг жүргізді. Төменде атыраулықтар үшін қызықты лоттар бар. 

ТУТҰҒЫР

Оның салынуы мен пайдалануға берілуіне (әсіресе, белгісіз кестемен ту бірде бар, бірде жоқ болған соң) қатысты халық арасында өте жағымсыз пікірлер айтылды. 2021 жылы тутұғырды ұстауға және қызмет көрсетуге бюджеттен 4 миллион теңгедей бөлінді. Лотты «Биоген-Инжиниринг Лимитед» ЖШС иеленді.

 

СУБҰРҚАҚТАР

Оларды күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге 40 миллион теңге бөлініп, ол «Дорремсервис» ЖШС-не түсті. Бұл ЖШС-не көп жұмыс жасау керек, өйткені субұрқақтардың жағдайы мәз емес. Бұған таң қалуға болмас: оларды салу кезінде көп ақша ұрланды, сол үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер жақында мердігердің -«Еңбек-Атырау» РМК жергілікті филиалының басшысын ұстады.

 

СУҒА АРНАЛҒАН РЕЗЕРВУАРЛАР

Жақында қала әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ қала маңындағы елді мекендерде ауыз су мәселесін шешу үшін әкімдік әрқайсысы 7,1 миллион теңгеден жүз тонналық 12 резервуар сатып алуда, оларды орнату шілде айына жоспарланған деп мәлімдеді. Резервуарларды «ТОВЕР» ЖШС жеткізді, пайдалану мерзімі - 25 жыл.

 

ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ, ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ, БАЛАЛАР АЛАҢЫ

Трансформаторлар мен электр желілеріне техникалық қызмет көрсету үшін «Атырау Жарық» АҚ-на 120 млн теңге тиді.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ орталық жылыту қазандықтары мен қаланың жылу жүйелерін күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге 128 млн теңге алды.

70 миллион теңгеге «QENES ENGINEERING» компаниясы бағдаршам нысандары мен жол белгілерін күтіп-ұстап, оларға қызмет көрсетеді. 94 миллион теңгені «АтырауДорЗнак» ЖШС ұтып алды - олар бұл ақшаны жолды белгілеуге жұмсайды.

4,7 миллионға «БизнесСтрой» ЖШС Нұрсая ықшамауданындағы (№25,26,27,28,29 үйлер) балалардың ойын алаңын ағымдық жөндеуден өткізеді.

Ал NS-Time компаниясы 4 миллионға Жұмыскердегі (Мұқанжанов көшесінің маңы) балалар алаңын жөндейді.

Бұл жақында болған мемлекеттік сатып алудың аз ғана бөлігі, алдағы уақытта оқырмандарға осы тақырып бойынша ақпарат беруді жалғастырамыз. Салықтарымыздың қайда кетіп жатқанын білуге құқығымыз бар.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 шілде 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.