Атырау, 4 мамыр 10:50
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда тәулік ішінде 320 адам COVID-19 жұқтырды

1 790 просмотра

Атырауда бір тәулік ішінде 320 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  215 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  16 адам анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 29, Индерде - 18,  Исатайда - 15, Махамбет ауданында - 11, Мақатта - 2, Құрманғазыда - 5, Қызылқоғада - 9 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  219 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  98 адам емделіп шықты. 

Қазір 1282 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Ал 824 тұрғын инфекциялық стационарларда емделіп жатыр: модульді ауруханада 194, №2 облыстық ауруханада -172, фтизиопульманологиялық орталықта - 91, кардио орталықта - 109, аудандық инфекциялық стационарларда – 184 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 74 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан.

14 шілде 2021, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.