Атырау, 4 мамыр 19:36
 ашықВ Атырау +7
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

ҰҚК Атырау облысында қылмыстық топтың жолы кесілгені туралы хабарлады

Сурет
3 802 просмотра

5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау»), оның ішінде дене күшін қолданумен қорқытып, ақшалай қаражат бопсалауды жүзеге асырған.

ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.

Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

13 шілде 2021, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.