Атырау, 25 қараша 05:36
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлыбритания карантинді 19 шілдеден бастап алып тастайды

2 101 просмотра

Ұлыбритания 19 шілдеде коронавирусқа байланысты барлық шектеуді алып тастаудың соңғы кезеңіне көшеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ұлыбритания билігі міндетті маска тағу режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережесін алып тастауға шешім қабылдады. Сонымен қатар, үкімет үйден жұмыс істеуді тоқтатып, кызметкерлерге кеңседе жұмыс істеуге рұқсат берді.

Алайда премьер-министр Борис Джонсон пандемия әлі аяқталмағанын, соған байланысты абайлап әрекет ету керек екенін ескертті. Ол қоғамдық көліктерде, адам жаппай жиналатын орындарда маска тағуға шақырды. Сондай-ақ, үкімет басшысы ойын-сауық орындарының иелерінен келушілердің коронавирусқа қарсы вакцинация сертификатын тексеруді сұрады.

"Біз дүйсенбі, 19 шілдеден бастап, COVID-19 болмаған өмірге бірден орала алмаймыз", - деп түсіндірді Джонсон.

Ұлыбританиялық ғалымдардың айтуынша, елде коронавирус толқынының шыңы тамыздың ортасына дейін күтілмейді және тәулігіне 1-ден 2 мыңға дейін адам ауруханаға түсуі мүмкін. Сонымен қатар, мамандар күніне 100-200 өлім жағдайы болуы мүмкін деп болжайды. Тәулігіне жаңа науқастардың саны 100 мыңға жетуі мүмкін, бірақ билік ауруханалар мен дәрігерлер оны жеңе алатынына сенімді.

"Вакцинация "қорғанысты" құрды - бұл жазғы толқынға төтеп бере алатынымызды білдіреді", - деді Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид.

Бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон пандемияға байланысты барлық шектеуді алып тастау мерзімін бір айға шегерген болатын. Ұлыбританияда карантинді жеңілдетудің соңғы кезеңі 21 маусымға жоспарланған еді.

13 шілде 2021, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.