Атырау, 12 қыркүйек 15:17
 дождьВ Атырау +24.8
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Коронавирусты көпшілігі той-садақадан жұқтырған

2 276 рет қаралды

Былтыр коронавирус негізінен 50 жастан асқан адамдарға әсер етсе, бүгінде 30 жастан 49 жасқа дейінгі орта буын ауырып жатыр. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әлия БЕКЕШЕВА мәлімдеді.

Коронавируспен аурудың көбеюі 25 маусымда басталды. Сол күні 89 науқас тіркелді, ал бүгінде олардың саны 290, олардың 70%-ында ауру белгілері бар. Ауру олар медициналық мекемелерге жүгінген кезде расталып отыр. Анықталған науқастардың бір бөлігі – ауырған адаммен байланыста болғандар және профилактикалық тексеруден өткендер.

- Эпидемиологиялық тергеу барысында адамдардың 80%-ы карантин шараларын бұзып, той-садақаға қатысқан кезде инфекция жұқтырғаны анықталады. Былтыр шілдеде коронавирустан көз жұмғандар көп болды, қазір туыстары жылдық еске алу қадесін жасап жатыр, сондықтан бәрі қайталануда, - дейді А.Бекешева.

- Вирустың таралуына оның мутациясы да ықпал етеді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан БАЙДУӘЛИЕВ. Бұрын кең таралған Альфа штаммын жұқтырған науқас, әдетте, 4-5 адамға ауру жұқтырса, енді Дельта штаммы бар науқас 7-8 адамға жұқтырады: жаңа штамм жоғары дәрежеде ауру қоздырғыштығымен ерекшеленеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 шілде 2021, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.