Атырау, 22 желтоқсан 21:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Науқастарға арналған төсек-орын толып қалды

2 078 рет қаралды

№2 Атырау облыстық ауруханасы мен модульді аурухана  коронавирус жұқтырғандармен 94% толып қалды. Бұл туралы №2 облыстық аурухананың директоры Мағжан СИДЖАНОВ онлайн-брифингте мәлімдеді.

- Қазір №2 облыстық ауруханада бар болғаны 12 кереует, модульді ауруханада – 15 кереует бос тұр. 15. Модульді аурухананың жансақтау бөлімінде 20 адам (оның 6-уы ИВл аппаратына қосылған), №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде 16 адам ем алуда, - деді М.Сиджанов.

Жылыой ауданындағы 60 жұқпалы аурулар кереуетінің 40-ы, Индерде 50 кереуеттің 36-сы толған, Исатайда 10 кереуеттің бәрі, Құрманғазыда 90 кереуеттің 48-і, Қызылқоғада 30 кереуеттің 8-і, Мақатта 48 кереуеттің 16-сы, Махамбетте 40 кереуеттің 26-сы толы.

Облыс стационарларында барлығы 790 пациент ем алуда, 46 адам - жансақтау бөлімшесінде, 38 адам ауыр халде. Соңғы үш күнде облыста Covid-19-бен ауырғандар саны 47% -ға өсті.

Коронавирус жұқтырған 61 жүкті әйел модульді стационарда ем алуда. Бұдан басқа, ол жерде 11 босанушы әйел және жаңа туған 8 нәресте жатыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

13 шілде 2021, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.