Атырау, 11 қазан 07:25
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атырауда бір тәулікте 334 адам Сovid-19 жұқтырды

2 338 просмотра
Сурет: Нұрбейбіт Нұгыманов/azh.kz

Атырауда бір тәулікте  334 адам Сovid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  280 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  10 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 11, Индерде - 6,  Исатайда - 2, Махамбет ауданында - 2, Мақатта - 4, Құрманғазыда - 17, Қызылқоғада - 2 адам анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 184 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 105 адам емделіп шықты. 

Қазір  1080 адам үй жағдайында емделіп жатыр. 806 тұрғын инфекциялық стационарларда ем қабылдауда: модульді ауруханада - 188, №2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта - 103, кардио орталықта - 108, аудандық инфекциялық стационарларда – 188 адам. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 69 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

13 шілде 2021, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.