Атырау, 4 мамыр 12:07
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Исатай ауданында мал қырылып жатыр деген қуауесетті асыра сілтеп жіберген

Сурет Бейнежазба
2 914 просмотра

Жуырда әлеуметтік желіде Исатай ауданында құрғақшылық салдарынан жылқы малы қырылып жатқаны жөнінде бейнежазба тарады. Осыған орай «АЖ» аудандық әкімдікке хабарласқан еді.

- Мамандар тобы, жергілікті тұрғындармен бірге Нарын каналы бойымен Жанбай ауылындағы Манаш котлованына дейінгі аралықты қарап, әлеуметтік желіде судың жоқтығынан малдардың жаппай қырылып жатыр деп айтылған орынға арнайы барды. Аудан орталығы Аққыстау ауылынан Жанбай ауылына дейін каналдағы су өз деңгейінде. Тек Жанбай ауылынан кейін орналасқан Манаш котлованына дейінгі аралықта судың деңгейі төмендігі байқалады. Бірақ аталған котлаванға су баяу болса да келіп жатыр. Су ағысын көтеруге қазіргі каналдың жағдайы көтермейді. Негізгі себеп Нарын каналының күрделі жөндеуді қажет ететіндігі. Канал "ҚазСушар" РМК теңгерімінде, - дейді Исатай ауданы әеімінің орынбасары Еркебұлан Абилхасимов.

Жоғарыда айтылған жаппай мал қырылу фактісі орын алған жоқ. Бұл қате ақпарат. Бірақ, бақташысыз жүрген малдар суы тайыздау котлованның балшықты аймағына батып, шыға алмай қалу бойынша бірең-сараң фактісі орын алған. Жалпы каналды сумен толтыру жұмыстары аудан әкімдігінің күнделікті бақылауында.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Сурет пен бейнежазбаны Исатай ауданы әкімдігі ұсынды

13 шілде 2021, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.