Атырау, 11 қазан 07:22
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

КТҚ қыркүйекте іске қосыла ма?

1 955 просмотра

Атырау қаласының сол жағалауындағы кәріздік-тазарту қондырғысы (КТҚ) осы жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы брифингте облыс әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ мәлімдеді.

Еске салсақ, КТҚ ұзақ мерзімді құрылыс объектілері тізімінде бұрыннан бар. Бұдан бұрын жергілікті билік 2020 жылдың қыркүйегіне пайдалануға беру жоспарланғанын хабарлаған еді, қазір де 2021 жылдың қыркүйегі деп белгіленіп отыр. Жобалық-сметалық құжаттама 10 жыл бұрын жасалған, бірақ құрылыс 2017 жылы басталды. Құны 10 миллиард теңге болатын нысанды «Павлодар өзен порты» АҚ салуда.

Бекенов  Атырау облысын 20% және Маңғыстау облысын 30% қамтамасыз ететін Астрахань-Маңғышлақ магистральды су құбыры тақырыбына, сонымен қатар ТШО-ға тоқталды. Сумен жабдықтау жүйесі 80% тозған, сондықтан қазір оны қайта жарақтаудың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалуда.

Айнұр САПАРОВА

12 шілде 2021, 11:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.