Атырау, 4 мамыр 01:53
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Вакцина қабылдағандар саны артып келеді

1 231 просмотра

Атырау облысында апта ішінде вакцина қабылдаған адамдардың саны 83,3%-ға өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар АБДАЛИЕВ онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

24-30 маусым аралығында 10564 адам вакцина қабылдады, ал 1-7 шілде аралығында облыстың 19369 тұрғыны қабылдады. Ақпанның басынан бастап бүгінге дейін облысқа 141 200 доза вакцина жеткізілді, оның ішінде 112 700 «Sputnik-V», 9500 «Hayat-Vax», 7000 «Corona Vac», 3000 «QazVac».

2021 жылдың 1 ақпанынан 8 шілдесіне дейінгі аралықта барлығы 107 655 адам Sputnik V, QazVac және Hayat-Vax вакциналарының І-компонентін қабылдады. 57 682 адамға вакцинаның II-компоненті егілді. «Вакцина қабылдағандардың арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелді ме?» деген сұраққа Атырау облысы бас санитар дәрігердің орынбасары Гүлназ ЕРБАТЫРОВА былай деп жауап берді:

- Ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін екінші вакцинаның  II-компонентін алған сәттен бастап 14 күн өту керек. Біз вакцинаның екінші компонентін алғаннан кейін 3-4 күн өткен соң ауырып қалған 8 жағдайды тіркедік. Жалпы алғанда, вакцина қабылдағандар арасында ауруды жұқтырып алған 30 жағдай тіркелді - барлығы жеңіл түрінде немесе жалпы симптомсыз ауырған.

Өкінішке орай, ауруды жұқтырғандар саны да көбейіп келеді. Өткен тәулікте облыста 154 жағдай тіркелді (Атырауда - 90, Теңізде - 12, Жылыой ауданында - 16, Құрманғазыда - 13, Индерде - 10, Исатайда - 4, Мақатта - 4, Махамбетте - 3, Қызылқоғада - 2 жағдай). Жұқпалы аурулар ауруханаларында 685 науқас емделіп жатыр, 44 науқас ауыр халде, олардың 4-і ИВЛ аппаратына қосылған. Ауруханалардың толу деңгейі 28,2% (2428 кереуеттен), жансақтау бөлімшелері - 39,8% (103 кереуеттен). 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

10 шілде 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.