Атырау, 4 мамыр 05:07
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атыраудағы Covid-19: бір тәулікте 290 адам ауру жұқтырды

2 294 просмотра

Атырауда бір тәулікте  290 адам Covid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  212 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  11 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 26, Индерде - 3,  Исатайда - 4, Махамбет ауданында - 2, Мақатта - 6, Құрманғазыда - 20, Қызылқоғада - 6 адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  187 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  109 адам емделіп шықты. 

Қазір  868 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194, №2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта - 99, кардио орталықта - 100, аудандық инфекциялық стационарларда – 183 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 64 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

12 шілде 2021, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.