Атырау, 3 мамыр 22:35
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Коронавирустан 160 адам қайтыс болды

3 607 просмотра

Атырау облысында жыл басынан бері коронавирус инфекциясынан 160 адам қайтыс болды. Бұл туралы брифингте денгаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайсар АБДАЛИЕВ хабарлады.

Ковидтен көбіне науқасты емдеуді қиындататын бұрыннан да денсаулығында кінараты бар егде жастағы адамдар көз жұмған. Қайтыс болғандардың орташа жасы – 67.

Ковидтен қайтыс болған марқұмды жерлеу ережесі туралы сұраққа жауап бере отырып, К.Абдалиев оны мәйітханадан туысқандары бірден зиратқа апарады, үйден пәктеуге рұқсат етілмейді деп жауап берді.   

Диаграммада биылғы қаңтар мен 10 мамыр аралығында коронавирустан болған өлім-жітім көрсеткіші берілген - осы кезеңде Атырау облысында 77 адам қайтыс болды. Егер бұл цифраны жалпы саннан (160) алып тастасаңыз, онда алдындағы төрт айдан астам уақытқа қарағанда, соңғы екі айда (11 мамырдан  8 шілдеге дейін) 83 адам қайтыс болған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 шілде 2021, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.