Атырау, 19 сәуір 03:43
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тәліптер Орталық Азияға тиіспеуге уәде берді

3 375 просмотра
Сурет: РИА Новости

8 шілдеде Мәскеуге барған ауғанстандық "Талибан" қозғалысының делегаттары Ресей үкіметінің өкілдеріне Орталық Азия елдерінің тұтастығын бұзбауға уәде берді. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Келіссөздер барысында Ресей Президентінің Таяу Шығыс Республикасындағы арнайы өкілі Замир Кабулов елдің солтүстігіндегі жағдайдың тұрақсыздығына алаңдаушылық білдіріп, тәліптерді қақтығыстың Ауғанстаннан тыс жерлерге шығуына жол бермеуге шақырды. Делегация мүшелері Орта Азия мемлекеттері мен шетелдік өкілдіктер шекараларының ел аумағындағы қауіпсіздігіне кепілдік берді.

Сондай-ақ, делегация өкілдері халықтың этникалық топтарының мүдделерін ескере отырып, келіссөздер жүргізу арқылы елде тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге мүдделі екенін, сондай-ақ, ислам нормалары мен ауған дәстүрлері шеңберінде адам құқықтарын, оның ішінде әйелдердің құқықтарын сақтауға дайын екенін растады.

Олардың Ауғанстандағы ИШИМ қаупімен күресуге және азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін ел аумағында есірткі өндірісін жоюға деген берік шешімі ерекше атап өтілді.

Еске салайық, бұған дейін "Талибан" қозғалысының содырлары Тәжікстанмен шекаралас Пяндж өзені арқылы өтетін көпірде жалауын көтерген болатын.

9 шілде 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.