Атырау, 22 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда бір тәулікте 154 адамнан COVID-19 анықталды

2 604 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте 154 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулік ішінде Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 12 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 16, Индерде - 10,  Махамбет ауданында - 3, Құрманғазыда - 13, Қызылқоғада - 2, Мақатта - 4, Исатай ауданында - 4 адам тіркелді. 

Коронавирус инфекциясы бар 100 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  121 адам емделіп шықты. 

Қазір  660 адам үй жағдайында емделіп жатыр. 685 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдауда: модульді ауруханада 181, №2 облыстық ауруханада -136, фтизиопульманологиялық орталықта - 105, кардио орталықта - 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 153 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 43 адам емделуде. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта тұр.

9 шілде 2021, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.