Атырау, 22 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда бір тәулікте 149 адам COVID-19 жұқтырды

2 906 рет қаралды

Атырауда бір тәулікте 149 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  131 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  3 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 3, Индерде 1,  Махамбет ауданында - 1, Құрманғазыда - 8, Қызылқоғада - 1, Исатай ауданында - 1адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  90 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  159 адам емделіп шықты. 

Қазір  674 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 175, №2 облыстық ауруханада -145, фтизиопульманологиялық орталықта - 95, кардио орталықта - 50, аудандық инфекциялық стационарларда – 135 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

8 шілде 2021, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.