Атырау, 11 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Тасқаладағы трагедия: кім кінәлі?

Бейнежазба
3 906 просмотра

2 шілдеде қала маңындағы Тасқала ауылында газдың жарылуы мен өрт салдарынан 1972 жылы туған әйел қайтыс болды, ал оның 2009 жылғы ұлы алған күйіктен сәл кейін ауруханада көз жұмды. Бұған тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы себеп болды деп атады. Ал олардың туыстары өртке жер астынан жүргізілген газ құбырының зақымдалуы себеп болған деп санайды.

«ҚазТранГаз Аймақ» жергілікті филиалына сілтеме жасаған ТЖД жорамалы бойынша, өртке газ плитасын пайдалану кезінде қауіпсіздіктің бұзылуы себеп болған: асүйде газ қоспасының жиналуы нәтижесінде газ атылып, әрі қарай үйдің шатыры тұтанған. Ал қаза тапқандардың туыстары  - Есқайыровтар мен Хаджиевтер отбасы жер астына төселген газ құбырының зақымдануы өртке себеп болды, жылыстау нәтижесінде газ септиктен шығып, кәріз құбырлары арқылы үйге кірген деп болжайды.

Айтпақшы, үй жаңадан салынған, отбасы қоныстой тойлауға әзірленіп жатқан. Үйдің басқа тұрғындары қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын газ плитасы дұрыс жұмыс жасап тұрды дейді. Көшпестен бір күн бұрын асүйге су ағызуға арналған сифон орнатылған, ол арқылы септикте жиналған газ үйге кіре бастаған.

Олар жарылыстан кейін туыстарының бастамасымен мамандандырылған қызметтермен бірге кәріз құбырларында газдың бар-жоғына тексеру жүргізіп, болжамдарының газ анализаторымен расталғанын мәлімдеп отыр.

«Өртенген үйден әлі күнге дейін газдың иісі шығып тұр, демек, әлі де қауіп бар», - дейді олар дәлел ретінде бейнематериалдарды ұсынып.

Ал Атырау қалалық ТЖ басқармасының бас маманы ТӨЛЕГЕНОВ «АЖ»-ның сауалына полиция мен газ қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген тергеуден кейін төтенше жағдайдың түпкілікті себебі анықталады деп жауап берді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Есқайыров және Хаджиевтер отбасы ұсынған бейнежазба

8 шілде 2021, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.