Атырау, 11 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

​«Ембімұнайгаздағы» вакциналау: «Мәжбүрлемейміз, бірақ түсіндіреміз»

Бейнежазба
2 964 просмотра

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан КИЯСОВТЫҢ COVID-19 вакцинасын алмаған жұмысшылардың жұмыс жасау тәртібін шектеу туралы қаулысы шыққаннан кейін кейбір кәсіпорындарда наразылық білдіргендер болды. Мысалы, «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кенішінде бірнеше жұмысшы еріктілік қағидасының бұзылуына мемлекет басшысының назарын аудару үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне-үндеу жасады.  

«AЖ» комментарий алу үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-на жүгінді. Компанияның PR-менеджері Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА былай деп жауап берді: «Ембімұнайгазда» қызметкерлер тек ерікті түрде вакцина алып жатыр. Жаңа қаулы шыққаннан кейін біздің өндірістік бөлімшелердің жұмысшыларында көптеген сұрақ туындады, сондықтан «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рысты Тасмағамбетованың басшылығымен медицина мамандары, атап айтқанда Атырау қаласының №7 емхана директоры Гүлнафис Таңбаеваның қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Түсіндіру жұмыстары кезінде мұнайшыларға елімізде қолданылатын вакциналардың құрамы мен тиімділігі, олардың ағзаға әсері, қарсы көрсетілімдер және басқа да көптеген сұрақ бойынша толық ақпарат берілді».

Л.Сүлейменованың айтуынша, өткізілген кездесулер вакциналауға деген теріс көзқарас вакциналардың қауіпсіздігі және оның бүкіл әлемде қалай жүзегше асырылатыны туралы ақпараттың жеткіліксіздігінен екенін көрсетті. Сондай-ақ, ақпарат айдынында вакцинаның зияны туралы көптеген болжам айтылып жүргені де әсер еткен. Сәйкесінше, ерікті вакцина қабылдау қағидатын қатаң сақтай отырып, мұнайшылар арасында түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасады, - деп түйіндеді ол өз сөзін. 

Нұргүл Хайруллина

8 шілде 2021, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.