Атырау, 25 қараша 05:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Амстердам орталығында танымал журналиске оқ атылды

2 404 просмотра

Танымал нидерландылық репортерге Амстердам орталығында қастандық жасалды, салдарынан ол ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы DW басылымына сілтеме жасап. 

Қастандық тележурналист Питер Р. де Врис студиядан телешоудың түсірілімінен шыққанда жасалған. 64 жастағы жәбірленуші ауруханаға түсті.

Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрларда де Врис беті қан күйде арқасымен жатыр. Нидерландының хабар тарату корпорациясы (NOS) ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, журналиске бес рет оқ атылғанын хабарлады. Оның басы жараланғаны белгілі.

Нидерланды полициясы бұл әрекетке байланысты үш адам, оның ішінде мерген де ұсталды деп мәлімдеді.

Нидерланды премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рютте оқиғаға байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Бұған дейін ол Гаагадағы полиция қызметкерлерімен және терроризмге қарсы қызметтермен кездескен.

Амстердам қаласының мэрі Фемке Халсема өз кезегінде де Вристі ұлттың батыры, әділеттілікке қол жеткізетін батыл адам екенін, еркін, қиыншылыққа тап болған адамдарға, оның ішінде өлтірілген балалардың ата-аналарына көмектесетін адам деп сипаттады. Оның айтуынша, ер адам әлі де өмірі үшін күресіп жатыр.

Осыған орай Нидерланды королі Виллем-Александр мен оның жары патшайым Максима Facebook-те "Журналистер өзінің маңызды жұмыстарын қауіп-қатерсіз орындауға құқылы" деп жазды.

Питер р. де Врис - Нидерландыдағы ең танымал журналистердің бірі, ол телебағдарламаларға жиі қатысып, үлкен тергеулердің авторы атанды.

Сонымен қатар, журналист 2019 жылы Дубайдан Нидерландыға экстрадицияланған есірткі сатушы Ридуан Тагиге қарсы куәлік берген маңызды куәгердің кеңесшісі болды.

Журналист өткен аптада кісі өлімін ашу үшін миллион еуро жинау науқанын бастаған, себебі тергеу жұмыстары тығырыққа тіреліп, аяқсыз қалған.

7 шілде 2021, 17:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.