Атырау, 11 қазан 07:21
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Атыраулықтар әкім Досмұхамбетовті жарнамалағаны үшін қанша төлейді

5 567 просмотра

«Ras aitamyn» Telegram-каналы Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ PR жұмысы үшін қанша бюджет қаражаты жұмсалғанын айтты.

Каналдың хабарлауынша, 2020 жылдан бері Covid-19 пандемиясы басталғалы, Атырау облыстық әкімдігі Nur.kz порталына өңір басшысының PR қызметі үшін шамамен 25 млн теңге төлеген.

«Бұл екі тендер. Әкімдікпен 14,9 млн теңгеге жасалған алғашқы келісім бойынша, Internet Portal Nur «Ұран» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Атырау билігіне алғыс білдіріп, тақырыбына URAN деп жазған. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің Грузиядан келген дәрігерлермен кездесіп, Жайық жағалауын тексергені туралы жаңалық ақылы болды», - деп жазды «Ras aitamyn».

Махамбет Досмұхамбетовтың қайда барғаны, нені көргені туралы әр жаңалық үшін жергілікті тұрғындар 375 мың теңге төледі, деп хабарлайды Telegram каналы.

Әрі қарай тапсырыс берілген жаңалық материалдарының тізімі келтірілген: «Махамбет Досмұхамбетов үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті»; «Атырау облысының әкімі дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қорының қоймасына барды»; «Махамбет Досмұхамбетов Азғыр өңірінің проблемалық мәселелерімен танысты».

2021 жылы екінші келісімшарт бойынша, облыс әкімін жарнамалауға 9,9 миллион теңге бөлінді, деп жазады Telegram каналы.

«Досмұхамбетовтің PR-материалдарының арасында «Атырау облысының әкімі ардагерлерді құттықтады»; «Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 8 наурыз мерекесімен құттықтады» деген материалдар да болды. Атырау облысының тұрғындарына Nur.kz сайтында Досмұхамбетов коронавирусқа қарсы ресейлік Sputnik V препаратын ектірді деген жаңалық үшін төлеуге тура келді. Сондай-ақ, олар әкімнің вакцина - қауіпті инфекцияны жеңудің жалғыз жолы деген сөзі үшін қосымша ақы төледі», - дейді «Ras aitamyn».

Telegram каналының хабарлауынша, Nur.kz-тен бөлек, Атырау шенеуніктері әкімдік қызметін жариялағаны үшін Zakon.kz порталына 13,3 миллион теңге, Tengrinews.kz  порталына 29 миллион теңге төлеген.

«Осы екі сайтта жарияланған жаңалықтар көбіне Nur.kz-те жарияланған жаңалықтармен бірдей. Тіпті, тақырыптары да қайталанады. Мысалы: Zakon.kz: Атырауда еріктілер марапатталды (облыс әкімінің оларды марапаттағаны туралы); Nur.kz: Атырауда еріктілер марапатталды (облыс әкімінің оларды марапаттағаны туралы); Tengrinews.kz: Атырауда 200 орындық модульді инфекциялық аурухана пайдалануға берілді (облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің осы объектіге барғаны туралы); Nur.kz: Атырауда 200 орындық модульді инфекциялық аурухана пайдалануға берілді (облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің осы объектіге барғаны туралы).

Атырау облысының әкімдігі тек республикалық үш бұқаралық ақпарат құралымен бюджеттен 67 миллион теңгеге келісімшарт жасаған. Өздеріңіз көріп отырғандай, ол жерде облыс әкімінің қандай жақсы әкім екені туралы пмар-мақалалар жарияланды», - деп түйіндейді Ras aitamyn.

ӘКІМДІК: «ӘКІМДІ ЖАРНАМАЛАУ ҮШІН ЕМЕС, АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТЫ КӨРСЕТУ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ»

«АЖ» Атырау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасына хабарласып, түсіндіріп беруді өтінді.

Бізге мынадай жауап келді:

«2020 жылы Nur.kz ақпараттық порталымен 14,9 млн теңгеге келісімшарт жасалып, Атырау облысында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша ақпаратты жария ету қызметі көрсетілді. 2020 жылы Zakon.kz порталымен 13,3 млн теңгеге келісімшарт жасалды.

Ал 2021 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты республикалық интернет-ресурстар арқылы жария ету аясында Nur.kz-пен 9,9 млн теңгеге, Tengrinews-пен 14,9 млн теңгеге келісімшарттар жасалды.

2020 жылы келісімге сәйкес 520 материал ақпараттық ресурстарда жарияланды. Мұның бәрі - Президент жолдауының Атырау облысында жүзеге асырылуы,  Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайы, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы материалдар мен мемлекеттік бағдарламалар және облыста жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жарияланымдар. Оның 82-сі (15,76%) облыс әкімінің қатысуымен өткізілген іс-шараларға қатысты».

Ішкі саясат басқармасындағылар бұл бюджет қаражатының барлығы облыс әкімін жарнамалауға арналған деп есептемейді.

«Ақша мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды, олардың орындалуын, облыстың экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстары туралы тұрғындарды хабардар етіп отыру үшін бөлінді», - деп атап өтті әкімдік. 

Айнұр САПАРОВА

8 шілде 2021, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.