Атырау, 9 қазан 12:31
 дождьВ Атырау +20.9
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Ресейде эстон консулы ұсталды

2 516 рет қаралды

Санкт-Петербургте эстон консулы Марта Лятте ұсталды. РФ ФТБ Қоғаммен байланыс орталығы өкілдерінің мәліметінше, дипломат жабық сипаттағы материалдарды алу кезінде ұсталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының Санкт-Петербургтегі ФСБ өкілдері Ресей азаматынан Эстонияның дипломаты - Эстония Республикасы Бас консулдығының Санкт-Петербургтегі консулы Марта Ляттені жабық сипаттағы материалдарды алу кезінде ұстады", - делінген хабарламада.

Дипломатқа халықаралық құқық нормаларға сай шаралар қолданылатыны айтылады. 

"Бұл қызмет дипломатиялық жұмысшы статусына сай емес және РФ-ға қатысты анық жаугершілік сипатта", - делінген хабарламада.
7 шілде 2021, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.