Атырау, 22 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Атырауда тәулік ішінде 157 адам COVID-19 жұқтырды

2 455 рет қаралды

Атырау облысында соңғы тәулік ішінде 157 адам коронавирус індетін жұқтырып алды, деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 13 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 15, Индерде 10, Исатай ауданында - 8, Махамбет ауданында - 2,  Құрманғазы ауданында - 9, Мақатта - 4 адам анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 87 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  5 адам емделіп шықты. 

Қазір  730 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 193, №2 облыстық ауруханада -143, фтизиопульманологиялық орталықта - 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 144 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

7 шілде 2021, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.