Атырау, 4 мамыр 11:13
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырауда Covid-19 жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты резервтік стационар ашылды

3 100 просмотра

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты облыстық кардиологиялық орталық аумағында 100 орынға арналғанрезервтік стационар ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық кардиологиялық орталық аумағында 100 төсек-орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарды қабылдау жалғасуда, олар үшін 50 төсек-орын бар. Тек пациенттерді жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу тоқтатылды. Олар уақытша учаскелік емханаларда мамандардың бақылауында болады,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде Covid-19 жұқтырған 154 адам анықталды. Оның ішінде 92 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Қазір № 2 облыстық ауруханада 142 науқас емделуде.

Модульдік инфекциялық ауруханада 192 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта 50 адам, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 , 132 науқас аудандық инфекциялық стационарларда жатыр. 608 адам үй жағдайында емделуде.

6 шілде 2021, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.