Атырау, 25 қараша 05:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ

2 551 просмотра

Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны ныңайту үшін резервтен 20 мың адамды әскерге шақырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тәжікстанның «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап.

Тәжікстан Президенті 5 маусым күні елдің Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Қорғаныс министрлігіне тапсырма берді. 

«Ислам Ауғанстан мемлекетімен шекарадағы жағайдың шиеленісуіне байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында шекаралас аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен мемлекеттік шекарана нығайту мәселесі сөз болды. Ауғанстан мен Тәжікстан арасындағы шекарадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты ел президенті Эмомали Рахмон Тәжікстанның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері мен күш-қуат құрылымдарының басшыларына мемлекеттің қауіпсіздігі мен Ауғанстан және Тәжікстан шекарасында қауіпсіздікті нығайту бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды, деп хабарлайы Ховар агенттігі. 

Мемлекеттік шекараны қорғау үшін елдің шекараны қорғау әлеуетін арттырып, қажетті аймақтарға қосымша әскери күштер жіберуді тапсырды. Мәжіліс соңында Тәжістан Президенті Эмомали Рахмон Қорғаныс министріне Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы шекараны нығайту үшін 20 мың адамды әскерге шақыруды тапсырды. 

Осыған дейін Ховар агенттігі маусымның 4-5 аралығында «Талибан» қозғалысының өкілдері Тәжікстанмен 910 км қашықтықта шекаралас жатқан Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Султон Ишкашим уездері мен Бадахшан провинциясын бақылауына алғанын хабарлаған болатын. 

Талибтермен болған әскер қақтығыстар кезінде Ауғанстан үкіметінің 1037 сарбазы жеке құрамның өмірін сақтап қалу үшін Шохон ауданындағы Шохан (104 адам), Рузвай (104 адам), Рузвай (213 адам), Дарваз ауаны (83 человека), Хумроги (173 человека), Тем (312), Ишкашим (102 человека) және Лангар (50 человек) аудандарынан Тәжікстан аумағына өткенін хабарлады.

6 шілде 2021, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.