Атырау, 22 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қала әкімі ауыса ма?

3 285 рет қаралды

Әлеуметтік желіде Атырауда қала әкімі ауысуы мүмкін деген ақпарат тарады.  Онда Қайрат ОРАЗБАЕВТЫҢ орнына Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат БЕКЕНОВ тағайындалады деген болжам айтылған.

Біз қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне хабарластық, олар Оразбаевтың 2 шілдеден бастап сырқатына байланысты қазір жұмыс орнында жоқ екенін айтты.

«Алайда, әкім бізбен байланысып отыр», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновті Атырау қаласының әкімі етіп тағайындау туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

«Облыс әкімдігінде Атырау қаласы әкімдігінің басшылығында кадрлық өзгеріс жасау жоспарланбаған», - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан ТӨЛЕК.

Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2021, 16:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.