Атырау, 19 мамыр 21:14
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тасқала ауылында газ жарылды: әйел қайтыс болып, баланың денесін 85% күйік шалды

Сурет
4 046 просмотра
ТЖД ұсынған сурет

Атырауда қала маңындағы Тасқала ауылында болған өрт салдарынан әйел адам қайтыс болды, қатты күйік алған бала өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД ұсынған сурет

Облыстық ТЖД өрттің Тасқала ауылындағы тұрғын үйден  шыққанын хабарлады. Ас үйде газ-ауа қоспасының жиналуы нәтижесінде газ атылып, кейін тұтанып, үйдің төбесі өртенген. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 қызметкері және Атырау облысының ТЖД-нің үш техникасы жұмылдырылды.

ТЖД ұсынған сурет

«Өрт болған жерде 1972 жылы туған әйел көз жұмды, 85% термиялық күйікпен 2009 жылы туған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді (ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр).

Өрттің шығуына алдын ала болжам бойынша - газ жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздіктің бұзылуы себеп болған. Үйдің қалған тұрғынының айтуынша, олар газ плитасын өз бетімен қосқан.

Газ қосқаннан кейін плитаны орнату және газ құбырын жалғау газ қызметі мамандарының қатысуынсыз жүргізілген, бұл газ және жылыту құрылғыларын пайдалану ережелерін өрескел бұзу болып табылады, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

4 шілде 2021, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.