Атырау, 25 қараша 19:50
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Теңізде вакциналау кезінде бір әйел есінен танып қалды

Толықтырылды Бейнежазба
5 856 просмотра
Бейнежазбадан жасалған скриншот

Әлеуметтік желіде бір әйел коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін есінен танып қалғаны туралы бейнежазба тарады. Болжам бойынша бұл оқиға Теңіз кенішіндегі вахталық қалашықтың бірінде болған.

Осыған байланысты біз «Теңізшевройл» компаниясынан комментарий беруді сұрадық.

ТШО-ның баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты былай деп жауап берді:

«Компания Теңіз кенішіндегі вакциналау орталығында вакцина алғандарды бақылау кезінде мердігер компанияның бір қызметкерінің денсаулық жағдайы нашарлағанын  растайды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, толық медициналық тексеруден өтіп жатыр. Денсаулығы жақсарған соң, клиникадан шығады».

Қазір Теңіз кенішінде 28 000 қызметкер вакцина қабылдаған, мұндай жағдай бұрын-соңды болған жоқ, деп атап өтті ТШО баспасөз қызметі.

Кейінірек бұл оқиғаға қатысты өңірлік коммуникация қызметі түсініктеме берді. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Теңізде вакцина қабылдағаннан кейін денесі құрысып қалған әйел бұрын эпилепсия сырқатымен есепте тұрған.

Ол Sicim компаниясының қызметкері, Sputnik V вакцинасын (2-компонент) алғаннан кейін 30 минуттық бақылау кезінде эпилепсия ұстамасы болған.

«2021 жылғы 5 маусымда вакцинаның 1-компонентін жақсы қабылдады. Вакцина қабылдайтын күні әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық болды, шағымы мен дене қызуы болған жоқ. Өзі бұрын эпилепсия сырқатына байланысты тұрғылықты жері бойынша неврологтың есебінде тұрғанын жасырып, ерікті түрде вакцина қабылдауға келісім берді. Анамнезінен 2010 жылы оның эпилепсияға шалдыққаны анықталды, сол сырқаты бойынша тексеруден өтіп, тұрғылықты жері бойынша неврологтан ем қабылдаған. Әйелдің айтуынша, кейін ондай ұстама болмаған. Дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдаған», - делінген хабарламада. Вакциналау станциясының медициналық қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсетті, содан кейін ол ТШО клиникасына жеткізілді, онда ол 4 шілдеге дейін дәрігердің бақылауында болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

4 шілде 2021, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.