Атырау, 4 мамыр 11:41
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

​Атырау облысында карантин күшейтілді

4 115 просмотра

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері М.Танауов карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Соған сәйкес әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс уақыты мен тәртібі өзгерді.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын «қашықтан» жұмыс жасауға ауыстырылады.

Бұл ретте тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, CОVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсын алған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 13:00 дейін жұмыс жасайды. Жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салынады.

Сауда үйлері мен сауда-ойын сауық орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін (сыйымдылығын 30%-дан асырмай толтырып, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) тек қана жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеті мен дәріханаларды, CОVID-19-ға қарсы жаппай вакциналауға арналған пункттерді қоспағанда сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

Сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан аттракциондардың, ойын алаңдарының, ойын орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысына тыйым салынады. «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін  жұмыс режимі сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін рұқсат етлген. 

Қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде жазғы алаңдарға жұмыс күндері сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етілген. Сенбі мен жексенбі күндері жұмыс жасамайды.

«Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, оның ішінде банкет залдары (мейрамхана мен дәмхана ретінде қызмет көрсету) үшін үй-жай ішінде және ашық ауада жұмыс режимі жұмыс және демалыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат етілген. 

Қаулы 2021 жылғы 5 шілдеде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

4 шілде 2021, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.