Атырау, 22 желтоқсан 19:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда бір тәулікте 154 адам COVID-19 жұқтырды

2 784 рет қаралды

518 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  99 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  6 адам анықталды.  

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 11, Индерде 7, Исатай ауданында - 7 Махамбет ауданында - 4, Қызылқоғада - 7, Құрманғазы ауданында - 11, Мақатта - 2  адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  101 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  29 адам емделіп шықты. Қазір  512 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 182, 
№2 облыстық ауруханада -140,  аудандық инфекциялық стационарларда – 119 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 52 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

4 шілде 2021, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.