Атырау, 19 сәуір 14:19
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Мексика шығанағында мұнай құбырынан өрт шықты

2 704 просмотра
Facebook / Асхат Қасенғали

Мексика шығанағында теңіздегі мұнай кешенінің жанында су асты өрті шықты, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, оқиға елдің оңтүстік-шығысында орналасқан Кампече штатындағы Сьюдад-дель-Кармен қаласының жағалауында болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлардан теңіздегі лаулаған өртті сөндіруге кемелердің көмекке келіп жатқанын көруге болады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, өрт 78 метр тереңдіктегі құбырдың клапандарының жарылуы салдарынан болған. Өртті сөндіруге мамандандырылған үш кеме тартылды.

"Қазір өрт сөндірілді. Құбырды жалғайтын клапандарды жапқан. Соның салдарынан газдың ағуы тоқтап, өрт одан әрі тарамаған. Бірақ мұнай шығанақ суларына аққан. Таңертеңгі сағат 10:45 шамасында төтенше жағдай реттелді. Қалыпты жұмыс жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады компания өкілдері.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.. Қазір компаниядағылар апаттың неден болғанын анықтап жатыр.



3 шілде 2021, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.