Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланады

2 904 просмотра

Атырау облысында 18 ауылдық округтің әкімі сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумовтың мәліметінше, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Атырау қаласы мен 6 ауданда өтеді. 

«Биыл 18 ауылдық округтің әкімі сайланады. Бұл окургтерде 44 мың 500 сайлаушы бар. Қазір бұл округтерде 236 сайлау комиссиясы құрылды. Осы кезге дейін өзін өзі ұсынған 31 кандидат құжат тапсырды», -дейді Азамат Айманакумов.

Ауылдық округтер әкімінің лауазымынан түрлі мамандық иелері үмітті болып отыр. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, мәдениет салаларының мамандары, экономист, заңгер мен педагог бар.

3 шілде 2021, 11:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.