Атырау, 22 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Махамбет театры Түркияда бас жүлде алды

Бейнежазба
3 531 рет қаралды

2 шілдеде Антальяда өткен ХІ Халықаралық театр фестивалінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры «Ең үздік спектакль» атанып, бас жүлдеге ие болды. 

Театр ұжымы фестивальге режиссер Мұқанғали ТОМАНОВ сахналаған жергілікті жазушы Рахымжан ОТАРБАЕВТЫҢ «Жалғыздық» драмасын апарған еді.

Фестиваль аясында қатысушыларға жүлделі орындар берілмеген. Шара соңында режиссер-драматургтер әлемнің әр түкпірінен жиналған 24 театр арасынан 4 театрды үздік деп таныған. Олар Анкара театры, Анталья театры, Испания театры және Қазақстаннан барған Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры. Осылардың ішінен бірауыздан біздің театрды бас жүлдеге лайық деп санап, Махамбет атындағы театрдың сахналаған «Жалғыздық» драмасына «Ең үздік спектакль» деген ат берген.

Естеріңізде болса, жақында Махамбет театры жанындағы Атырау жастар театры да Керч қаласында өткен жарыстан бас жүлде жеңіп алған еді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 шілде 2021, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.