Атырау, 22 желтоқсан 21:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Covid-19 Атырауда: бір күнде 137 адам ауру жұқтырды

3 579 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 137 адам Covid-19 жұқтырды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  92 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  4 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 7, Исатайда - 7, Индерде 8,  Махамбет ауданында - 5, Қызылқоғада - 2, Құрманғазы ауданында - 9, Мақатта - 3  адам   анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы  бар  85 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан  94 адам емделіп шықты. 

Қазір  420 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 185, №2 облыстық ауруханада -135,  аудандық инфекциялық стационарларда – 112 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 53 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

3 шілде 2021, 09:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.